Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 13 сәуір, 2024
- 969

Мемлекет басшысы Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kzсайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.Фото: ашық дереккөз
Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет етуге дайын
- 24 мамыр, 2025
Барлық бассейннің суы таза екеніне сенімдісіз бе?
- 24 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді