Жаңалықтар
Президент жыл сайын докторантураға 5 мың грант бөлуді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 12 сәуір, 2024
- 720
Президент жыл сайын докторантураға 5 мың грант бөлуді тапсырды
Бұл туралы бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«PhD-ді ғылыми әлеуеті зор және терең зерттеу жүргізе алатын білім ордалары даярлауға тиіс. Үкімет магистратура және докторантура бағдарламасына арналған гранттың құнын арттыру қажет. Алдыңғы жылы бір жарым мыңнан астам докторанттың небәрі 38 пайызы диссертация қорғаған. Олардың жартысына жуығы ғана ғылым саласында қалды. Ғылым докторларын дайындауға орасан зор қаржы жұмсалғанын ескерсек, бұл көрсеткіш әлі де төмен. Бұл мәселені тыңғылықты зерделеп, ахуалды түзеу үшін қажетті шара қабылдауды тапсырамын», - деді Президент өз сөзінде.Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы студенттердің шәкіртақысын жыл сайын 25 пайызға өсіруді тапсырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




