Таразда көші-қон қызметінің қос қызметкері ұсталды
Таразда көші-қон қызметінің қос қызметкері ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«10 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды» - деп хабарлады ҰҚК.Қос қызметкер заңсыз келген шетелдіктерге «қамқорлығы» үшін жарты миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Еске салсақ, бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті
- 28 наурыз, 2026
Өңірдің дамуы – басты назарда
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




