Жаңалықтар
Ерлан Қарин бала қауіпсіздігін қорғайтын заң жобасының жаңашылдықтарын атады
- author «Ақ жол»
- 11 сәуір, 2024
- 285
Ерлан Қарин бала қауіпсіздігін қорғайтын заң жобасының жаңашылдықтарын атады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгін Сенат бірінші оқылымда мақұлдаған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі Azattyq-ruhy.kz cайтына сілтеме жасап Ол заң жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларының бірі екенін атап өтті.
«Заң жобасын әзірлеуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады», - дейді Қарин.Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі.
«Бұл мәселе қашанда Мемлекет басшысының басты назарында. Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ымырасыз күрес жүргізуді қажет ететін әлеуметтік кеселдің бірі ретінде атап өтті», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді