Жаңалықтар
«Жәрдем» медициналық пойызы 20 сәуірден бастап іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 11 сәуір, 2024
- 706
«Жәрдем» медициналық пойызы 20 сәуірден бастап іске қосылады
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы тұрғындарды білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 20 сәуірінде шалғайдағы ауылдар мен станцияларына жүре бастайды, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жүрдек пойызды жолға қою арқылы шалғай ауылдардың 90 мыңнан астам тұрғыны білікті дәрігерлерге қарала алады.
«Медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көлік медицинасы ұйымдастырылды. Биыл профилактикалық қарап-тексерулерді, скринингтік зерттеулерді, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, бейінді мамандардың консультацияларын, зертханалық-диагностикалық қызметтерді, ЭКГ, УДЗ, флюрографияны қоса алғанда, 1 млн медициналық қызмет көрсету жоспарлануда. Медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделетін болады, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді», - дейді Ақмарал Шәріпбайқызы.Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады. Фото: atpress.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




