Жаңалықтар
Жамбылда «Таза ауыл. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық акциясы басталды
- author «Ақ жол»
- 11 сәуір, 2024
- 745
Жамбылда «Таза ауыл. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық акциясы басталды
Ол «Таза Қазақстан» республикалық ауқымды экологиялық акциясы аясында өтуде. Облыстық акция Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағына ағаш отырғызудан басталды. Сондай-ақ, облыс орталығы мен Жуалы ауданында «Таза ауыл, таза көше» байқауы өтеді.
«Таза Қазақстан акциясының Қасиетті Ораза айт мерекесінің алғашқы күні облысымызда бастау алғанының символдық мәні бар. Табиғатты бірге қорғайық. Жеріміз қашанда жомарт, еліміз гүлдене берсін», – деді Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев.
Бес апта ішінде Тараз қаласында және облыстың барлық аудандарында табиғатты қорғау шараларын өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.
«Таза өлкенің» алғашқы аптасында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері өз аумақтарындағы аулаларды тазартады.
Мәселен, облыстың Талас ауданына қарасты барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Екі жүк көлігін пайдаланып, 150-ге жуық адамды қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, 30-ға жуық ерікті өз үлестерін қосады. Акция барысында 236 жол белгісі, 27 аялдама және 360 тірек ретке келтіріледі.
«Киелі мекен» экологиялық акциясының екінші аптасы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақтың» үшінші аптасында көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынады.
«Өнегелі ұрпақтың» облыстағы төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазарту және абаттандыру жоспарлануда.
«Мөлдір бұлақтың» соңғы, бесінші аптасында өзен-көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
Шу қаласының тұрғындары Теміржол саябағы аумағында сенбілік өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаң мен Комсомол көлінің жағасында бас қосады.
Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау мен абаттандыруға баса назар аударылады.
«Таза Қазақстан» акциясына «Жас ұлан» және «Жасыл ел» жасақтары да белсене атсалыспақ.
«Ауаның, айналадағы табиғаттың тазалығы адам ағзасына, оның денсаулығына оң әсер етеді. Қазіргі таңда Жамбыл облысында бір ай бойы көгалдандыру және тазалық акциясы өтуде. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Бұл шара Тараз қаласында да өткізілуде. Құрметті тұрғындар, «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырамын», – деді кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы Сейітхан Жошыбаев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді