Жаңалықтар
Су тасқыны кезінде мал шығынын өтеу алгоритмі әзірленді
- author «Ақ жол»
- 10 сәуір, 2024
- 987
Су тасқыны кезінде мал шығынын өтеу алгоритмі әзірленді
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Еліміздің су басқан аймақтарында 1 013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлекселері өртеліп, жойылды. Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облысында 10 мың бастан жоғары, БҚО-да 4,5 мың бас және Қарағанды облысында 1,5 мың бас мал мен үй жануарлары құтқарылды. Жедел ақпаратқа сәйкес, су тасқыны салдарынан республиканың 7 өңірінде 5711 бас мал өлді, оның ішінде 1137 ірі қара және 4051 ұсақ мал бар», - дейді АШМ ресми өкілі.Жалпы шығын көлемін анықтау үшін жергілікті әкімдіктермен арнайы комиссия құрылған. Ол үшін су тасқыны салдарынан, өлген жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, комиссияға өтініш беруі керек. Шығын болған малдың меншік құқығы ветеринария бөлімінің базасында анықталады. Әр малға өтелуі тиіс шығын құны әзірге нақтылануда. Фото: ашық дереккөз
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




