Жамбыл облысында "Таза Қазақстан" акциясы өтті
Бүгін Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің аумағында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында "Таза Қазақстан" акциясы өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және зиялы қауым өкілдері қатысты. Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.
"Таза өлке" деп аталған бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағында аулаларын тазалайды. "Киелі мекен" деп аталған екінші аптада тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандырылады. «Жасыл аймақ» атты үшінші аптада көшет отырғызылып, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі. «Өнегелі ұрпақ» аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделса, «Мөлдір бұлақ» аптасы акцияны қорытындылайды.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясына «Жас ұлан» және «Жасыл ел» жасақтары да белсене атсалысатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Көне шаһар көркейіп келеді
- Бүгін, 02:28
Өркениеттер тоғысындағы Талас: Тарих, таным, тағылым
- Бүгін, 02:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




