«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы 1 мамырда басталады
1 мамырдан басталатын жаңа «Наурыз» ипотекасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары жылдық 7 пайызбен несие ала алады. Ал қалған қатысушылар үшін бұл мөлшерлеме 9 пайызды құрайды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап. «Отбасы банкі» ипотекалық операторы 7%-ға үміткерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұруы керек екенін түсіндірді. «Наурыз» ипотекасының артықшылықтары:
- «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы 1 мамырдан бастап іске қосылады;
- Өтініш берушінің соңғы 5 жыл ішінде баспанасы болмауы керек;
- Оған мыналар қатыса алады: жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы банкінің» салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтарының, ауылдық елді мекендердің тұрғындары;
- Халықтың әлеуметтік осал топтары 7 пайызбен, қалғандары 9 пайызбен несие алады;
- Ең бастысы, «Отбасы банкінде» депозитте 1 миллион теңге болса, жинақтау мерзімі маңызды емес.
- ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері:
- I және II топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен аурулардың тiзбесiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы міндетті әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады;
- қандастар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған адамдар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, көпбалалы отбасылар;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызметтi орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуға дайындық немесе ұшуды орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді