«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әулиеата аймағындағы сенбілік

Әулиеата аймағындағы сенбілік
ашық дереккөз
Әулиеата аймағындағы сенбілік
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен өткен аптада өңірімізде сенбілік ұйымдастырылды. Ербол Шырақпайұлы көпшілікпен бірге сенбілікке өзі де қатысып, Тараз қаласы аумағындағы бірқатар арық-атыздарды көрді. Нәтижесінде, Тараз қаласының әкіміне нақты міндеттер жүктеп, бақылауға алуды тапсырды. Сенбілік жұмыстарын ұйымдастыруда өзге де жауапты азаматтардан белсенділік байқалды. Мәселен, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қаладағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына барып, көпшілікпен бірге көшет екті. Бұл игілікті іске қаладағы бірқатар мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты. Бірқатар ақпараттық құралдардың өкілдері де игі іс-шараның басы-қасынан табылды. – Шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлы БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат беріп: «Қазір көріктендіру- көгеріштендірудің екі ай мерзімге белгіленген айлығы жүріп жатыр. Біз қай кезде де Таразды жасыл қалаға айналдыру жолында аянып қалған еме спіз. Мәс елен, былтыр еккен көшеттеріміздің 80 пайызы көгеріп тұр. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қала тұрғындары көбінесе осы егілген көшеттердің күтімі болмай қурап кететінін орынды сынға алып жатады. Біз көшеттердің көгеріп, көктеп кетуіне де ерекше мән береміз. Ал, биыл Тараз қаласы бойынша 40 мың түп тал көшеттері егіледі, оның 20 мың көшеті саябақтарға отырғызылады. Ал, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына 1260 түп көшет отырғызу көзделген. Бүгін көпшілікпен бірге 300 көшет отырғызу жоспарланды. Сол жоспардың жүзеге асуына атсалыстық. Былтыр біз осы «Жеңіс» саябағына зерделеу жүргізгенімізде 1 мыңнан астам талдың ескіргенін байқадық. Биыл сонша көшет егіп жатырмыз. Талдардың жаңарып тұруы тоқтамайтын үрдіс. Себебі, ескірген талдың орнына жаңасы алмасып отыруы керек. Ал, өздеріңіз білетіндей, бір көшеттің үлкен талға айналуы үшін он жыл уақыт керек. Сондықтан, көшет егу – өте маңызды», деді Бақытжан Орынбеков. Тараз қаласының әкімі «Зербұлақ» алабында да болып, тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков аудан аумағындағы сенбілікте өзі көпшілікпен бірге жүрді. Тал көшеттерін отырғызып, арық тазалады. Аталған іс-шараға Қордай ауданындағы мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері де белсене қатысып, табандылық танытты. Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов сенбілікке аудан тұрғындарын өзі бастап шыққан. Аудандағы мекеме ұжымдары мен тұрғындар аулаларды, белгіленген аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтап, арық- атыздарды тазартып, сырлау, тал отырғызу жұмыстарын жалғастыруда. Сенбілік нәтижесінде 9,6 тонна күл- қоқыс шығарылып, 17,4 гектар аумақ, 11 шақырым арық тазаланды. Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков те сенбіліктің жоғары деңгейде өтуіне белсенділік танытқан. Аудан басшысы Төле би ауылындағы саябаққа бірнеше тал көшеттерін екті. Сенбілікке өзге де жауаптылар белсене қатысты. Шу қаласы мен ауылдық округтерде жалпы сенбілік өткізіліп, елді мекендердегі арық-атыздар мен каналдар қоқыстан тазартылды. «Тазалық – денсаулық кепілі», – демекші, Талас ауданында да сенбілік жоғары деңгейде өтті. Кейбір көпқабатты тұрғын үйлер өз аулаларын әктеп, қоқыстардан тазартты. Бұл іс-шараға Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов қатысып, көпшілікпен бірге жұмыс істеді. «Алдағы уақытта Қаратау қаласы бойынша «Үздік аула» жобасы ұйымдастырылмақ. Қала тазалығы бәрімізге ортақ», дейді ол. Талас ауданының Ойық ауылдық округінде де сенбілік белсенді өткен. Ойық ауылдық округіне қарасты Сейілбек ауылында ауыл тұрғындары мектеп түлектері сенбілік өткізіп, түрлі тал-дарақ көшеттерін отырғызды. Меркі ауданында да сенбілік жоғары деңгейде өтті. Игі істің басы-қасында Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов жүрді. Меркінің тау шатқалдарында, саябақтарында, ауылдық округтерінде тазалық жұмыстары сапалы жүргізілді.  

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар