Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберілді
Су тасқынынан жапа шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелту ісі жалғасын табуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты Үндеу жариялап, зардап шеккен азаматтардың барлық мәселесі назардан тыс қалмайтындығын айтқан болатын. Үндеуге үн қосып Жамбыл жұртшылығы да Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыруда. Облыстық мәслихат депутаттары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен бюджеттік сала қызметкерлері, қала тұрғындары тарапынан жиналған қаржылай көмектің жалпы құны 40 миллион теңгеден асып отыр. Ол қаражатқа арнайы киімдер мен төсеніштер, азық-түлік пен керек-жарақтар алынып, жалпы сыйымдылығы 70 тонна болатын екі жүк көлігіне тиелді.
– Президент күні кеше су басқан аймақтардағы ахуал бақылауда екенін жеткізіп, Үндеу жариялады. Осы арқылы жапа шеккен халықтың бар шығыны өтелетінін айтты. Өз кезегінде Amanat, «Ақ жол», «Байтақ» және «Respublica» партиялары өкілдерінен құралған облыстық мәслихат депут атт ары да игілікті шараға атсалысуда. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясы тарапынан қосымша 1,5 миллион теңге ақшалай көмек көрсетілді. Халқымыз қашанда қиын-қыстау кезеңде қолұшын беруге ұмтылып, шарапатым ол істен шет қалмаған. Бұл іс баршамыздың азаматтығымызды танытып отыр, – деді облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев.
Халықтың бітім-болмысы қашанда сын сағатта таныла түседі. Су басқан аймақтардағы ахуалдан алғаш хабардар болған жамбылдықтар Тараз қаласында орналасқан «Достық» үйіне көмек жинақтап, қаржы жинастырған.
– Елімізде болған апатты жағдайға байланысты Жамбыл жұртшылығы жұдырықтай жұмылып, «Достық» үйінде ашылған қорға көмек жинақтады. Шарапатты шараға облысымызда мекендейтін 87 этнос пен 75 этно-мәдени бірлестік өкілдері, қала тұрғындары мен жастар, түрлі с ала қызметкерлері қатысып, ынтымақ пен бірлікке негізделген ұстанымдарын білдірді, – дейді облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева.
Бүгінде еліміздің түрлі өңірлерінен қоғам белсенділері мен еріктілер, тұрғындар гуманитарлық көмек беріп отыр. Ұлтымызды бір ортаға ұйыстырып, бекем бірлігін танытқан шара әлі де жалғасатын болады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді