Жаңалықтар
Жамбылда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 9 сәуір, 2024
- 1.1k
Жамбылда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.
Аймақ басшысы тамшылатып суару жүйелерін шығару алаңына барды. «KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы жобаға 6 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Мұнда барлығы 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде өндірістік жабдықтарды орнату жұмыстары басталған.
Облыс әкімі зауытты сәуір айының аяғына дейін іске қосуды тапсырды.
Вегетациялық кезеңде ылғал тапшылығын азайтуда су үнемдеу технологияларының маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі кәсіпорынға тиісті қолдаулар көрсету жалғасатынын жеткізді.
Бүгінде жергілікті және еліміздің өзге де өңірлерінің шаруаларынан тапсырыстар түсе бастаған.
Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев «Ғимарат-Темірбетон» ЖШС-нің өндірістік қызметімен танысты. Зауыт жылына 75 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын (100 түрлі) шығарады. Кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорын өңірдің құрылыс индустриясын дамытуда, тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөлге ие.
Аймақ басшысы мемлекет тарапынан өндіріс саласына жан-жақты қолдаулар қарастырылғанын, сондай-ақ, облыс аумағында жергілікті өндірушілердің тауарларына деген сұранысты арттыру керектігіне баса назар аудартты.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




