Биыл елімізде 172 мың тұрғын үй салынады
Биыл елімізде 172 мың тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысының қабылдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қанат Биісімбайұлының айтуынша, қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.
Сонымен қатар биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Мұнымен қоса жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Айта кетейік, өткен жылы елімізде 157 мың тұрғын үй салынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




