
Әйелдерге айрықша қолдау бар
2021 жылдан бастап Таразда «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп келеді. Оның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, әйелдерге қолдау көрсету. Бүгінде орталықта осы бағыт бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда тараздық келіншектер өздерінің туындыларын әйелдерге таныстырып, шеберлік сағатын өткізді. Бұл орталықта аналарға арналған тоғыз курс жұмыс жасайды екен. Соның бірі – бойтұмар тігін курсы. Іс-шарада курсқа қатысып қыз-келіншектерге тәжік этно-мәдени орталығының аналары өздері жасаған қол өнерлерін әкеліп көпшілікке назарына ұсынған. Іс-шараның мақсаты – үйде отырған көпбалалы аналарды, іске, жұмыс көзін ашуға көмек қолдарын созу. Бүгінде аналарымыз осы орталықтың арқасында көптеген бұйымдарды жасауды үйреніп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Отбасын қолдау орталығында бұдан бөлек, тырнақ жасау, бет әрлеу, аспаздық, сонымен қатар, кондитерлік секілді бүгінгі таңда маңызы бар салалар жұмыс атқаруда, мұның барлығы көмекке мұқтаж аналарымызға үлкен қолдау болатыны айқын.
Мөлдір АМАНҚҰЛ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңілік университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді