Жаңалықтар
Су басқан аймақтардағы ауыз суға қатысты министрлік мәлімдеме жасады
- author «Ақ жол»
- 8 сәуір, 2024
- 460

Су басқан аймақтардағы ауыз суға қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда болды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды.
Су тасқыны жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.
Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды.
Барлық объектілерде инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті.
"Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті жерлердегі Денсаулық сақтау басқармасына хабарласуды сұраймыз",- деді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді