Жаңалықтар
«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады
- author «Ақ жол»
- 8 сәуір, 2024
- 700
«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады
Аймақта үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да өз жалғасын табады. Тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға екі миллиард теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы бір миллиард теңгесі «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде биыл 135 жасты баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда тараптар арасында келісім жасау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, былтырғы жылы 144 жас аталған бағдарлама аясында баспаналы болған еді.
Бүгінгі күні облыста 14 пен 35 жас аралығында 354 мыңнан астам жас тұрады. Бұл облыс тұрғындарының 29,0 пайызын құрайды.
Өңірде аталған бағдарлама арқылы көптеген жастың арманы орындалып, баспана мәселесі шешімін тауып келеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




