Төтенше жағдай кезінде 100 сәби өмірге келді
Елімізде су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 бала дүниеге келді,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Оның ішінде Қостанай облысында – 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында – 22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал, Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.
Айта кетейік, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды.
Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы 3000-ға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетуде.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




