Ата-аналар сарбаздардың тұрмысымен танысты

Ата-аналар сарбаздардың тұрмысымен танысты
ашық дереккөз
Ата-аналар сарбаздардың тұрмысымен танысты
Аналар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы, подполковник Қуаныш Мұсабеков және әйелдер кеңесі ұйымдастырды. «Аналардың жүрегі» сарбаздар аналарының кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова «Шөлдала» және «Б.Момышұлы» шекара заставаларының жеке құрамындағы сарбаздардың әскери өмірі турасында әңгімеледі. Кездесу барысында Шарифа Ахметжанқызы сарбаздардың әскердегі жағдайларымен, жабдықталу түрлері, ондағы нормаларын көзбен көріп, жауынгерлік даярлық сабақтарын өткізу үшін сыныптарды, тұрмыстық үй- жайлар мен асхананы аралады. Сонымен қатар, сарбаздарға арналған ас мәзірін тексеріп, дайындалған тағамдардың сапасын бағалады. Казармалық үй-жайларды аралау кезінде Шарифа Ахметжанқызы сарбаздармен әңгіме жүргізді, олардың пікірлерін, әскери қызметке бару себебі мен психологиялық көңіл-күйлерін білді. Сондай-ақ, сарбаздарға ұйымның жұмысы туралы айтып берді. Айта кетейік, мұндай сапарлар алдын ала келісімсіз, қоғамдық бірлестік бастамасымен ұйымдастырылды. – Біз әр сарбазды өзіміздің ұлымыздай қабылдаймыз. Балаларымыз бен олардың қызметтестері қалай және қандай жағдайда өмір сүретіні бізге өте маңызды. Бірлестік үшін әскери қызметшілермен мүмкіндігінше тығыз жұмыс істеп, байланысты үзбейміз. Себебі, жастар – біздің болашағымыз. Біз ұлдарымыздың жақсы қызмет еткенін қалаймыз, – дейді қоғамдық бірлестіктің өкілі Шарифа Муминова. Әскери қызметшілердің тыныс- тіршілігін күнде көре бермейтін ата- аналар ерекше әсер алып, оларға тәнті болды. – Бүгін біз Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз ұлдарымыздың тұрмыс-жағдайымен жақын танысып, өз көзімізбен көрдік. Олардың жағдайы жақсы. Осындай ауқымды шараны ұйымдастырған әскери бөлімнің басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Өйткені, ол жерде бірден көзге түскені – тазалық пен реттілік және әскери тәртіп. Біз бөлім басшыларымен үнемі байланысып отырамыз. Отан қорғау саласында жүрген барлық әскерилердің қызметтеріне сәттілік тілеймін, – деді кездесуге қатысушы сарбаздың анасы Алима Тұрлыходжаева. Басқарманың тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы, подполковник Қуаныш Алтынбекұлы мұндай іс-шараның әскери бөлімдегі ата-аналар мен жас сарбаздар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол ата-аналардың қолдауы Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әрбір сарбаздың өз міндетін алаңсыз атқаруына септігін тигізетінін айтты.  

Камила АБСЕМЕТОВА,

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының кітапхана меңгерушісі.

Жамбыл ауданы

Ұқсас жаңалықтар