Еріктілердің ерекше әрекеті

Еріктілердің ерекше әрекеті
ашық дереккөз
Еріктілердің ерекше әрекеті
Еліміздегі су тасқынына байланысты тараздық еріктілер қайырымдылық жұмыстарын қолға алды. Олар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік жеткізуді ұйымдастыруда. Белсенді азаматтар көпшілікті қайырымдылық іс-шарасына белсене қатысуға шақырады. Жоспар бойынша, аймақ тұрғындары апатты өңірлерге 10-ға жуық жүк көлігін жөнелтеді. Қазіргі кезде автокөліктерге аса қажетті тұтыну тауарлары мен киім-кешектер тиеліп жатыр. Балаларға қажетті заттар да бар. Қала халқы шамаларының келгенінше игі істен шет қалмай, жәрдемдесіп отыр. Бүгінде қаланың төрт шағын ауданы мен 10-нан аса сауда үйінің алдында еріктілер қайырымдылық шарасына атсалысуда. Жалпы, су тасқынының қаупі сейілмеген өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жүр.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар