- Advertisement -

Екі ел арасындағы байланыс артады

13

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласындағы Құрметті консулы Рао Халид Махмудпен және «Green Earth Recycling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Зафар Жаведпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Пластмасса өңдеу бойынша екі жаққа да тиімді жобаларды жүзеге асыру және құс фабрикасын салу бойынша нақты бастамалар ұсынылды.

Облыс әкімі аграрлық-индустриалды аймақ деп саналған өңірде оң көрсеткіштердің байқалып отырғанын жеткізді.

Ал, екі ел сауда-саттықта маңызды серіктес екенін айта отырып, Халид Махмуд пәкістандық бизнесмендер Қазақстанның барлық аймақтарымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, Лахор қаласында «Қазақстан үйінің» ашылуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және екі ел арасын жақындастыруға қызмет еткен.

Келіссөз соңында Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырып, қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support