Тараз қаласының тұрғыны Тұрғанбек Қыпшақбаев шығыны аз, жылуы мол қазандық жасап, өзінің инновациялық жаңалығын халықпен бөлісе бастады.
Жаңалықтың ерек-шелігі ол қоршаған ортаны ластамайды. Қазандыққа отынның екі түрі - газ бен көмір пайдаланылады. Оның тағы бір ерекшелігі электр энергиясын керек етпейді. Т. Қыпшақбаев аталмыш қазандығын осыдан 17 жыл бұрын жасапты. Кейін өнертабыстың иесі ретінде заңды құжат алған. Қазір өнертапқыштың жаңалығын тиімді санаған кейбір аудандар мен ауыл мектептері оны көптеп пайдалана бастады. Өнертапқыштың айтуынша, оның «туындысын» бұл күнде Сарысу, Талас аудандары мен Қаратау қаласының түрлі мәдени ошақтары орнатып алған. Сонымен қатар, Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылының 50-ге жуық тұрғындары да қазандық қызығын көріп отыр. Алдағы уақытта халық тегіс тұтыну үшін жобаны әлі де жетілдіре түсуді ойлаған өнертапқыш қазір осы бағытта еңбектеніп жатыр.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




