Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу ауданы және онлайн байланыс арқылы Астана қаласы мен Қордай ауданынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтсақ, Мойынқұм ауданының тұрғыны Насихат Шикетаева аудандағы мүгедек балаларға арналған мектеп жұмыс істемей тұрғандығын жеткізіп, тиісті шара қолдануын сұрады.
Ал, тараздық Ермекбай Жолымбетов Сарысу ауданы, Тоғызкент совхозын 28 жыл басқарған КСРО ордендерінің иегері Сейітжан Тасыбаевтың есімін Тоғызкент ауылындағы мектепке беру туралы ұсынысын білдірді.
Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




