Басты жаңалық
Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін
- author «Ақ жол»
- 1 сәуір, 2024
- 1.0k

Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін
Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, былтыр Атырау облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд 242 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт – 3 млрд 79 млн, ал импорт 163 млн АҚШ долларына жетті.
Қазір өңірде кәріз жүйесін салу, жерасты суын өңдеу, пайдалану және әлеуметтік нысандар салу өзекті мәселеге айналып отыр. Облыс әкімі мен «Қытай құрылыс корпорациясының үшінші инженерлік бюросы» компаниясының басшысы Лю Миннің кездесуінде осы мәселелерге басымдық берілді.
Қытайлық компания басшысы Лю Миннің пікірінше, Атырау облысында көтерілген жерасты суын қалыпқа келтіру үшін дренаж жүйесін салу қажет. Осыған орай зерттеу жұмысын жүргізу үшін тиісті мамандар жіберіледі.
«Мұндай мәселе біздің Шэньчжень қаласында да туындады. Сол кезде біз тиісті зерттеу жүргізіп, мәселені оң шештік. Біздің тәжірибеміз бар. Тұзды жердің суын тазалау – өте жеңіл процесс. Бұған арнайы мерзім қажет. Кейін компанияның арнайы мамандары белгіленген аумақтарға зерттеу жүргізуге келеді. Бірлесе жұмыс істесек, екі ел экономикасын одан әрі өркендетуге, жерасты суының көтерілу мәселесін шешуге серпін береріне сенемін», - деді Лю Мин.Фото: Атырау облысының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Құрбан айт - рухани тазару мерекесі
- 5 маусым, 2025
Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы видео үндеу жолдады
- 2 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді