Басты жаңалық
Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2024
- 563
Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуде жергілікті тұрғындар түрлі өзекті мәселелерді көтеріп, жауаптар алды.
Басқосуда аймақ басшысы облыстың даму көрсеткіштеріне және алдағы жоспарларға қысқаша тоқталып өтті.
- Бүгінде өңірде 164 мың гектар жайылым жер жетіспеушілігі байқалады. 2019-2023 жылдар аралығында босалқы жерлер санатындағы 397,0 мың гектар жайылым жерлер ауылдық округтерге бекітіліп берілді. Нәтижесінде, елді мекендегі жайылым жерлер 363,5 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайды,-деді облыс әкімі.Өткен жылы игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып, пайдаланып келген 201 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жылы 80 мың гектар жерді қайтару жоспарлануда. 2025 жылға облыс бойынша жетіспейтін 164 мың гектар жайылым жер тапшылығы толығымен шешілетін болады. Сондай-ақ, облыс әкімі инвестиция тартуға, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл жастарын жергілікті жерде тұрақтандыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын баса айтты. Өңірдің әлеуетін тиімді пайдалана отырып, инвестиция көлемін арттыру арқылы тұрғындарды табыспен қамтуға, қымбатшылық мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында санақ жүретінін, нақты ақпаратқа қол жеткізу арқылы ғана нәтиже болатынын атап өтті.
- Біз статистикалық ақпараттарды нақтылауға тиіспіз. Сонда ғана жоспарымызды жүйелеп, шынайы көрсеткіштер мен нақты нәтижеге жете аламыз,-деді аймақ басшысы.Сонымен қатар, биылға тұрғын үй кезегіндегі әлеуметтік осал топтарды арендалық тұрғын үймен (пәтер сатып алу) қамту жоспары артып, 1800-ден аса пәтер беру көзделіп отыр. Бұдан соң аудан әкімі Ерлан Қыдырәліұлы атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, жоспарлы жобалар жөнінде хабарлады. Өз кезегінде тұрғындар да түрлі мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Атап айтсақ, негізінен олар инво-такси, ерекше балаларды қолдау, орталық аурухананы реттеу, ауылдарда жарықтың жиі өшуі, қоқыстарды тазалау, Аса-Тараз арасындағы қоғамдық көлік қызметін жандандыру, балалардың қауіпсіздігіне қатысты көптеген өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі барлық сұрақтар назар алынатынын атап өтіп, кейбір мәселелелерді уақыт созбай шешу үшін тиісті басқарма және аудан басшылығына нақты міндеттер жүктеді. Кездесуден соң Ербол Қарашөкеев бірқатар аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді