Құттықтау
Құрметті әріптестер!
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын. Еліміздің кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлердің жағдайын жақсартуға, еңбек қатынастарын реттеуге, елімізде әлеуметтік әл-ауқаттың артуына ауқымды үлесін қосып келеді. «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» деген дана халқымыз. Сіздердің ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз өрлеп, табыстан табысқа жете беріңіздер. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек, тек қана қуаныш әкелсін.«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлістігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




