Жаңалықтар
ҚАЖ қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты
- author «Ақ жол»
- 21 наурыз, 2024
- 814
ҚАЖ қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты
Тұтас Түркі халықтарының ортақ мейрамы - әз-Наурыз мерекесі елімізде өзгеше форматта тойлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесі жаңаша сипатта аталып өтуде. Наурызнаманың жаңа тұжырымдамасы бойынша өңір-өңірлерде әр күннің тақырыбына сай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері де Ұлыстың ұлы күнін ыстыық ықыласпен мерекеледі. Дәлірек айтқанда, мекеме қызметкерлері Тараз қаласындағы Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта ұлттық ойындар өзара кім мықтыны анықтады. Бұл күні олар арқан тартудан бақ сынасып, ұлттық ойындарды дәріптеді.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Жалпы, Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше форматта тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




