Биыл Таразда 40 мың тал егіледі
«Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егер» деген қағиданы берік ұстанған қазақ үшін ағаш отырғызу – маңызды істердің бірі. Сондықтан да халқымыз көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ аулалардың маңайын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Осылайша, Наурыз мерекесіне ерекше дайындалған. Сол арқылы өскелең ұрпақтың санасына табиғатты аялау, Жер-Ананы қастерлеу сынды асыл құндылықтарды сіңірген. Осындай айрықша игі іс Таразда да көрініс тапты. 19 наурыз – Жаңару күніне орай ұйымдастырылған «Жасыл желек – жердің көркі» атты акция аясында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары Қ.Рысқұлбеков саябағына 700-ге жуық тал көшетін отырғызды.
Жалпы, биыл қаланы көгалдандыруға көп көңіл бөлінбек. Айталық, биыл Таразда 40 мың тал егіледі деп күтілуде. Оның ішінде «Жасыл белдеу» жобасы шеңберінде шаһардың шеткі алқаптарына 20 000 түп көшет отырғызылады. Бұдан бөлек, биыл қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға 1 миллионға жуық гүл егіледі деп жоспарлануда.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




