Еңсесі биік елдіктің мерекесі
Құрметті жамбылдықтар!
Күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Тарихы терең әз Наурыз – еңсесі биік елдіктің, болаттай берік бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінің Рамазан айымен қатар келгені де мерекенің маңызын арттырып отыр. Биыл Наурыз мерекесі еліміз бойынша жаңа форматта, ерекше аталып өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Наурызнаманың» онкүндігі облысымызда да өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Әр күнге бөлек атау беріліп, тақырыпқа сәйкес игі шаралар өтіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Ұлыстың ұлы күнінде табиғат пен тұтас тіршілік жаңаратынын, қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалып жатқанын баса айтты. Бұл тұрғыда жамбылдықтар да айрықша белсенділіктерін танытуда. Облыста ел экономикасы үшін маңызды бірқатар өндірістік нысан ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Аудан орталықтары мен ауылдардың да ажарын арттыруға басымдық берілуде. Алдағы уақытта да өңір экономикасы үшін жаңа инвестициялық жобалар тартылып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларында ауқымды жұмыстар жалғасын табады. Инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын арттыру, әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жанданады. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау да назардан тыс қалмайды. Әз Наурыз барша жамбылдықтарға, әр отбасына бақ-береке, толайым табыс әкелсін! Ел игілігіне бағытталған жақсы әрі жасампаз істеріміз көп болсын! Жаңа жыл құтты, Ұлыс оң болсын!Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ,
облыс әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
Қант қызылшасын жинау жұмысы қарқынды
- 29 қазан, 2024
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді