Басты жаңалық
Таразда «KazAgroZhambyl-2024» ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2024
- 722
Таразда «KazAgroZhambyl-2024» ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде
Таразда «KazAgroZhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форумы аясында ауыл шаруашылығы техникасы, элиталық тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды өндірушілердің қатысуымен көрме ұйымдастырылуда. Көпшілік назарына ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімдері ұсынылды.
Халыаралық форум ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Көрмеге Қазақстаннан және өзге де елдерден барлығы 71 компания қатысуда.
Отандық және шетелдік кәсіпкерлер өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының барлық бағыттарына арналған құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы инновациялық жобаларын көрсетті.
Қытайлық «Zhonghui» компаниясы суару жүйелерін өндіруші болып табылады. Оның жылдық өнімділік қуаты 1000 бірліктен асады. Жалпы, жаңа модельдерді белгілі бір климатқа, себу жағдайларына бейімдеуге болады. Ал суару жүйесі 4 гектардан 135 гектарға дейінгі аумақты қамти алады.
Компания өкілі Салық Жұмабек жамбылдық шаруалардан тапсырыстар түсіп жатқанын және өңірмен ынтымақтастықты арттыруға ниетті екенін атап өтті. Аталған кәсіпорын облыста қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлауда.
«Агромашхолдинг» компаниясы LOVOL модельді тракторларын көрмеге алып келген.
Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында жұмыс істейтін «Aqmol-2025» ЖШС ірімшіктің моцарелла, брынза, сулугуни секілді 12 түрін шығарады. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорынның Тараз қаласында да бірнеше дүкендері бар. Серіктестік өкілі Майра Алтынбекова жақын арада өнімдерін таяу шетелдерге экспорттауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Ол мұндай форумдар өзге компаниялармен тәжірибе алмасуға және шетелдік кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуға мол мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сондай-ақ кешен аумағында асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын көрмесі ұйымдастырылуда.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді