Сала мамандары кеңес берді
Нарық жағадан қысқанда жастардың тиісті көмек ала алмай, кімнен кеңес сұрарын білмей, абдырап қалатыны аз емес. Бұл тұрғыда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тиісті жұмыс атқарып келеді. Соның бірі – қала орталығындағы Mart сауда үйінде өтті. Басқарма облыстық әділет департаментімен бірігіп жастарға кеңес беру алаңын ұйымдастырды. Ақпараттық кеңес беру алаңына қатысқан тұрғындар сала мамандарынан жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, алимент өндіру, атқарушылық өндіріс, азаматтық хал актілерін тіркеу сұрақтары, қайтарымсыз несиелер мен гранттар бағыттары бойынша кеңес алады.
Өзекті әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыруды мақсат еткен шараға келген халықтың қарасы аз болған жоқ. Жастар көбінесе адвокаттың, нотариустың көмегіне жүгінді.
– Жалпы, біз жастар арасында мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттандыру жүргізсек, бір жағынан құқықтары бұзылған жағдайда құқықтық кеңес беру, олардың мәселелерін шешіп, жәрдемдесу мақсатында осындай кеңес беру алаңдарын ұйымдастырып тұрамыз. Былтыр дәл осындай 200-ге жуық шара өткіздік. Тараз қаласында ғана емес, әр ауданда, ауылдық округтерде өтуіне мұрындық болып жүрміз. Мүмкіндігінше жастар көп шоғырланатын орындарда, базарларда өткізуге тырысамыз. Күні кеше басқармаға қарасты облыстық жастар ресурстық орталығымен әділет департаменті арасында меморандум жасалып, осы құжат аясында алғашқы шарамызды бастап кеттік. Департамент тарапынан нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары сынды түрлі сала өкілдері келіп отыр, – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Тіл оқыту орталығы: Жалақы аз, штат бос, маман жоқ
- Бүгін, 03:24
Той мәдениетін көтеру көптің ісі
- Бүгін, 03:15
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді