Саясат
Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2024
- 716

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады
Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы министрі Мәди Такиев айтты,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Елбаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», — деді министр.Осы орайда Мәди Такиев елтаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатындығын, қандай қаржы көздерінен қаржыландырылатындығын айтпады.
Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде ұлттық бірегейлігіміздің мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқанын атап өткен еді.«Алдымен бірінші мәселені шешіп алайық, одан кейін екіншісін қарастырамыз», — деді ол.
/фото adilet-gazeti.kz сайтынан алынды«Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады», — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қордайда «Достық үйін» салуды тапсырды
- 26 сәуір, 2025
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді