- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылы Наурыз мерекесін жаңа сипатта атап өтудің онкүндігі жарияланды.
Елімізде Наурыз мерекесі 14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесімен басталды.
Бүгінгі 15 наурыз - Қайырымдылық күні деп белгіленді.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген. Бұл күн ел бойынша қайырымдылық жасауға, мұқтаж жандарға көмектесуге, мейірім мен иігілікті шараларды жүзеге асыруға арналды.
Бүгін Қайырымдылық күні Жаңатас қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана Роза Жақсыпейілова баспаналы болды. Қаладағы көпқабатты үйден пәтер кілті табысталды.
Игілікті шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов және ардагерлер қатысып, қуаныш иесін құттықтады.
Өз кезегінде баспаналы болған Роза Жақсыпейілова қуанышын жасыра алмай, бұл күтпеген тосын сый болғанын айтып, аудан басшыларына өз алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




