Лудоманияға заң жүзінде шектеу қою қажет

Лудоманияға заң жүзінде шектеу қою қажет
ашық дереккөз
Лудоманияға заң жүзінде шектеу қою қажет
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтты.
Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «Amanat» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет,- деп Үкіметке тапсырма берді.
Сондай-ақ Президент "Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады",- деп жастарды өз еңбек күшімен жұмыс жасауға шақырды. /фото azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды

Ұқсас жаңалықтар