Таразда жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді
Бүгінде Тараз қаласының аумағы кеңейіп, халық саны артып келеді. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктерге деген сұранысты арттырып отыр. Тұрғындар тарапынан да жиі көтерілетін мәселенің бірі – осы.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев те аймақ тізгінін қолға алғаннан қоғамдық көлік мәселесімен жіті танысып, тікелей өз бақылауына алған. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағытта көне шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда.Айталық, автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстары бойынша 2023 жылы 73 бірлік жаңа автобус жеткізілді. Нақтырақ тоқталсақ, «Автобус паркі-2020» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы дизель отынымен –20, метан отынымен – 20, жалпы – 40, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы – 3, «ПАЗ» маркалы – 5, «ZHONG TONG» маркалы дизель отынымен – 7, метан отынымен – 8, жалпы – 23, «Smart City Servise» ЖШС-мен «Golden Dragon» маркалы 10 бірлік қоғамдық көлік әкелінді.
Бұдан бөлек №54 маршрут «Құмшағал» алқабы – «Ауыл Береке» базары аралығына 2 автобус қосылып, 7 кестемен қызмет көрсетуде. Жолаушы бағыттарын ашу аясында «Саяхат-99» ЖШС тарапынан №20 бағытқа, «ТаразТрансМоторс» ЖШС тарапынан №10 бағытқа, «Smart City Servise» ЖШС тарапынан №56 бағытқа қызмет көрсетуді бастады. Ал былтыр 17 қыркүйектен бастап тоқтап қалған №17 маршрут 4 кестемен қайта қызметін жандандырды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




