Жаңалықтар
Франция Президенті Эмманюэль Макрон отау құруға бел буған қазақ жастарын құттықтады
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2024
- 341

Франция Президенті Эмманюэль Макрон отау құруға бел буған қазақ жастарын құттықтады
Франция Президенті Эмманюэль Макрон отау құруға ниетті қазақ жастарын құттықтады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция Президенті Э. Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады», - деп жазды Санжар Тайжан Instagram парақшасында.Әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалдан жастардың Париж көшесінде Франция Президентімен кездесіп қалып, оған Қазақстаннан екенін, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айтқанын байқауға болады. Ал Эмманюэль Макрон таяуда елімізде болғанын, екі қазақы тазысының барын және олар үйінде екенін атап өтті. Сонымен қатар ол некелесуге уәделескен жастарды құттықтап, бар жақсылықты тілейтіндігін жеткізеді. Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылған еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген-тін. Биыл ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді. Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілген. Фото: instagram.com/sanzhartaizhan
Ұқсас жаңалықтар
Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады
- Бүгін, 02:15
Желге ұшқан жемісті жоба, қараусыз қалған жетім бақ
- Бүгін, 01:45
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді