
Сайлау саласына еңбегі сіңген әйелдер
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық аумақтық сайлау комиссиясында сайлау саласына еңбегі сіңген бірқатар әйел азаматтарды мерекелік қабылдау болды. Қабылдау барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өз құттықтауында біздің қоғамымызда әйел баласы тек отбасының береке-бірлігінің тұтқасы ғана емес, ол саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі екендігін айтып өтті. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның құқығының қорғалуына, олардың әлеуметтік өмір сүру деңгейін арттыруға және мемлекетті басқару жүйесіне араластыруға айрықша маңыз берілуде екендігін жеткізді.
Соның бір айғағы – бүгінде облысымызда сайлау саласында қызмет көрсетіп жүрген 4563 барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерінің 64 пайызын әйелдер құрайды.
Мерекелік қабылдауға облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып еңбек еткен, сайлау жүйесінде отыз жылдық тәжірибесі бар, «Құрмет» орденінің иегері Сара Мадиева, Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясында 25 жыл үзіліссіз жұмыс атқарған, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл» мерейлі медалінің иегері Гүлсара Нұрмағанбетова, Тараз қалалық учаскелік сайлау комиссиясының белсенді мүшесі, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» және Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарының иегері Алтынкүл Дүйсембиева, Тараз қалалық учаскелік сайлау комиссиясында 24 жылдық тәжірибесі бар Шолпан Диханбаева және облыстық сайлау комиссиясының нәзікжанды мүшелері қатысты.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- 23 сәуір, 2025
Облыс әкімі көзсіз ерлік танытқан тараздық оқушымен кездесті
- 22 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді