Экономика
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,2 %-ды құрады
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2024
- 560
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,2 %-ды құрады
Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны туралы баяндады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл екі айда экономиканың нақты секторында өсім 5,1%-ды, қызмет көрсету саласында – 3,5%-ды құрады.
Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалауда, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды.
Өңдеу салаларында өндірістің өсуі машина жасауда 23%-ға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде 21%-ға және электр жабдықтарын өндіруде 45%-ға қамтамасыз етілген.
«Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беруде – 56%-ға, көлік және қоймалауда – 47%-ға өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалды», — деді Н.Байбазаров.Вице-премьер экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету үшін баса назар аудару қажет бірқатар шараларды да атап өтті. Олардың қатарында жеке инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту және жаңадан іске қосу және т.б. бар. / фото mail.kz сайтынан алынды
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді