Жаңалықтар
Қазақстанда ең көп сатылатын үйлер - 2 бөлмелі пәтерлер
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2024
- 234
Қазақстанда ең көп сатылатын үйлер - 2 бөлмелі пәтерлер
Көпқабатты үйлердегі пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайында ұлттық статбюро хабарлады.
2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйдегі мәміле саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайды.
Биыл ақпан айында пәтер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды, бұл жалпы мәміле санының 80,3%.
Бөлме саны бойынша 2 бөлмелі пәтер сатылымы басым болды, ақпанда осындай 9 167 мәміле ресімделген.
Осы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша тұрақтылық байқалады, мәміле саны 0,8% немесе 51 мәмілеге азайды.
Ақпанда барлығы 6 017 мәміле тіркелді. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.
Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды.
Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында болды.
Осы жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі былтырғы ақпанмен салыстырғанда 26,6% көбейген. Ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын.
Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді. Ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7%.
Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санының өткен жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.
Фото uhome.me сайтынан алындыҰқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді