Жаңалықтар
Мереке күндері хирургтар үш донорлық ағзаны транспланттады
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2024
- 637
Мереке күндері хирургтар үш донорлық ағзаны транспланттады
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері бар құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.
Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.
«Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.Реципиент палатаға ауыстырылған. Бүгінде оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр. Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды. Үшінші ағза — жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілген. /фото Денсаулық сақтау министрлігінен алынды
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




