- 20 градус. Қазақстанға аяз қайта оралады
«Қазгидромет» РМК 12, 13, 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы күрт суытады. Кейбір өңірлерде - 20 градус аяз болжанып отыр, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі салдарынан ауа райы қолайсыз болмақ. Жауын-шашын түседі.
12 наурыз күні Қарағанды, Павлодар облыстарында жаңбыр аралас қар жауады. 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында да осы күн райы қайталанады. Жалпы Республика территориясында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.
«Белгіленген мерзімде елдің басым бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы -10, -20 градусқа дейін төмендейді. Елдің оңтүстігінде бұл уақытта сынап бағанасы күндіз - 2-10 аралығын көрсетсе, түнде термометрлер - 2, -12 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында./ фото tengrinews.kz сайтынан алынды
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




