Жаңалықтар
Жамбыл облысында полиция 20 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2024
- 348

Жамбыл облысында полиция 20 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі
Жамбыл облысында полиция құны 20 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған операциялық жоспарын орындау мақсатында “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Операцияның мақсаты – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу болды. Жамбыл облысының полиция департаменті рейдтер жүргізу кезеңінде 7 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Заңсыз айналымнан 8,5 килограммнан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Мәселен, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын Тараз қаласының 33 және 35 жастағы тұрғындарын ұстады. Тінту шараларының нәтижесінде олардан қара нарықтағы құны 20 миллион теңге болатын 320 грамнан астам мефедрон тәркіленді.
Полиция қызметкерлері 18 дәріхананы, 15 медициналық мекемені және 6 қойманы тексерді, онда әкімшілік есірткі құқық бұзушылықтың 16 дерегі анықталды.
– Олардың ішінде үй-жайларды техникалық нығайту талаптарын бұзудың 8 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың 5 дерегі, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 дерегі және заңсыз фармацевтикалық қызметтің 1 дерегі бар, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.Сондай-ақ, 500 грамм “метанол” улы заты, 250 000 келіден астам түрлі прекурсорлар (тұз, сірке және күкірт қышқылдары) тәркіленді. Есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар Жамбыл облысының барлық аудандарында өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
51 мыңнан астам жамбылдық тұрақты жұмыспен қамтылды
- 12 ақпан, 2025
Спорт нысандары халыққа қолжетімді болуы тиіс
- 12 ақпан, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді