Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.
Отан – отбасынан басталатынын ескерсек, тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, ізгілік мен мейірімділіктің ұйытқысы да Әйел-аналар қауымы. Асыл аналарымыз қай кезеңде де қоғам жүгін қайыспай көтере білген. Сондықтан, әрдайым нәзік жанды азаматшалардың алар орны айрықша.
Сіздер, өз бойларыңыздағы нәзіктік пен сұлулық, ақыл мен парасат арқылы қасиетті Әулиеата өңірін қайта түлетіп, облысымыздың дамуына зор үлес қосып келесіздер.
Еліміздің өркендеуі мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында қыз- келіншектеріміздің де еселі еңбегі мен қажырлы қайратының зор үлесі бар.
Облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 107 мыңнан асса, әйелдер басқарып отырған кәсіпкерлік субъектілердің үлесі – 42 пайыз. Өңірдегі білім саласындағы қызметкерлердің 75 пайызы, денсаулық сақтау саласында 85 пайызы, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтіндердің үштен екісін әйелдер қауымы құрайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бүгінгі таңда отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде. Әйелдер қауымының шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Бұл жұмыстар біздің облысымызда да табысты жүзеге асып келеді.
Баршаңызды шуақты көктем мерекесімен құттықтай келе, Сіздерге зор денсаулық, бақ- береке, толағай табыс тілеймін!
Әрдайым көктем күніндей жарқырап жүре беріңіздер.
Облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді