Экономика
Шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 15%-ға қымбаттады
- author «Ақ жол»
- 7 наурыз, 2024
- 995
Шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 15%-ға қымбаттады
2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елімізде шаштараз және сұлулық салондарының қызметі 62,3 млрд теңгеге жетті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 80,2%-ға артық,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Finprom.kz мәліметінше, көбіне алматылықтар сұлулық салондарының табалдырығын (19,9 млрд теңге) «тоздырады» екен.
Астана екінші орында тұр (12,6 млрд. теңге). Үштікті Қарағанды облысы түйіндеді (6,4 млрд теңге).
Түркістан облысында бар болғаны 389,8 млн. теңгеге қызмет көрсетілген.
Алматы облысы (528,7 млн теңге) және Ұлытау (555,6 млн теңге) облысы да қызмет көрсету көрсеткіші бойынша төмен сатыларда орналасқан.
Бағаға тоқталсақ, 2024 жылдың қаңтарында шаштараздар мен сұлулық салондарының бағасы өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 14,5%-ға қымбаттаған.
Бағаның ең көп өсімі Шымкентте байқалды (жылына 22,5%).
Сондай-ақ, Алматы (22,1%) және Абай (21,9%) облыстарында да қымбатшылық тіркелді.
Бір жылда педикюр бағасы 10%-ға, маникюр 16,4%-ға, эпиляция 7,5%-ға өсті.
Әйелдердің шаш қиюы 18%-ға, ерлердікі 14,3%-ға қымбаттағанын атап өткен жөн.
Биыл қаңтар айында республика бойынша орта есеппен әйелдердің шаш қиюы — 3,5 мың теңге, ерлердің шаш қиюы — 2,4 мың теңге болды.
(Сурет ашық дереккөзден алынды)
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




