Жаңалықтар
Баттал Жаңабайұлының журналистік жолына арналған конференция өтті
- author «Ақ жол»
- 6 наурыз, 2024
- 557
Баттал Жаңабайұлының журналистік жолына арналған конференция өтті
Бүгін «Көне Тараз» этномәдени кешенінде «Баттал Жаңабайұлының журналистік жолы: қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұрпақтар сабақтастығы» атты тақырыпта Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Шараны «Aulieata-media» ЖШС мен Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға облыстық және аудандық газеттердің бас редакторлары мен ардагер журналистер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференция барысында тақырып аясында сөз қозғалып, журналистің білікті редактор, қарымды қаламгер және қайраткерлігі жан-жақты насихатталды. Баттал Жаңабайұлының шығармашылық мұрасы, оның журналист тәрбиелеудегі ұстаздығы мен тәлімгерлігі сөз болып, жаңашылдық қыры айтылды.
Сондай-ақ, болашақ журналистерді даярлау барысы туралы да сөз қозғалып, қонақтар арасында өзара талқыға салынды.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




