Жаңалықтар
Бас мүфти Рамазан айында кәсіпкерлерді жеңілдік жасауға шақырды
- author «Ақ жол»
- 6 наурыз, 2024
- 263
Бас мүфти Рамазан айында кәсіпкерлерді жеңілдік жасауға шақырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы Рамазан айының басталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлады aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-інен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Осы ретте Бас мүфти халықты қасиетті айда жүзеге асатын қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырды.
«Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземін. Сонымен қатар барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешені сынды маңызды ғимараттарға аз да болса үлес қосып, белсенділік танытуға шақырамыз. Осы қасиетті айда шамасы келген кісілер мұндай сауапты әрі халыққа пайда тиетін істерге қолғабыс болып, көмек беріп, қолдау білдірсе, нұр үстіне нұр болар еді», - деді ол.
Наурызбай қажы Тағанұлы осы айда жағдайы бар адамдарды мұқтаждарға көмектесуге шақырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, жүкті, омырауда баласы бар әйелдерге, жолаушыларға, науқас жандарға ораза ұстау – парыз емес. Сапарда жүргендерге ораза ұстамауға болады. Бірақ басқа күндерде санын толтырып, ауыз бекітеді. Егер сапар қиындық туғызбаса, абзалы – ауыз бекіту. Ұқсас жаңалықтар
Тазалық техникалары отыз пайызға жаңарды
- 7 қазан, 2024
Учаскелік референдум жұмысын қорытындылады
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді