Жаңалықтар
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында комплаенс қызметі енгізілді
- author «Ақ жол»
- 4 наурыз, 2024
- 585
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында комплаенс қызметі енгізілді
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі 2024 жылға арналған кешенді жұмыс жоспарына қол қойылды.
Қол қою рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті Н.Муслимов қатысты.
Іс-шара барысында кешенді жұмыс жоспары аясында комплаенс қызметін іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жоспарланған шаралар барысы талқыланып, сұхбат алаңы ұйымдастырылды. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабына сәйкес жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтауын қамтамасыз ететін комплаенс-қызметін енгізу қарастырылған.
Өз кезегінде Д.Омаров жастарға білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, заңдық тұрғыда құқықтық сауаттандыруды арттыру, өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге жас буынның рухани болмысын бекітудегі маңызды құндылықтар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




