- Advertisement -

Жыршы-термешілер орталығы ашылды

25

- Advertisement -

Алғыс айту күні қарсаңында Таразда айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды. Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың атымен аталатын ғимарат ғибратқа толы рухани әлемге айналатыны сөзсіз. Орталықтың салтанатты ашылу жиынына зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Іс-шараға жиналған қонақтар әуелі орталықпен танысты. Сондай-ақ, айтыскерлердің жыр додасына дайындалып жатқан сәті тамашаланды. Ақын Есет Досалы қолына домбыра ұстап, өлең өрген қос шәкіртінің өнеріне көпшілік көңілін бұрғызды. Қонақтардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Аманжол Әлтаев та бар. Жаңа шығармашылық үйінің алғашқы тынысымен танысқан қонақтар екінші қабаттағы мәжіліс залына көтерілді.

БАҚ өкілдері мен өнерсүйер қауым бас қосқан жиынды орталықтың директоры болып тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков тізгіндеді. Жиында алғашқы сөз облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабекке берілді.

– Осы орталықтың ашылуына арнайы айтыскер ақындарымыз келіп отыр. Барлықтарыңызға шығармашылықта сәттілік тілеймін. Бұл орталық Жамбыл өңірінің жыршыларына үлкен серпін берер деп үміттенеміз. Ақындардың мол жетістіктерге жетуіне ықпал етері анық. Алғыс айту күніне тұспа-тұс келген салтанатты мерекемен баршаңызды құттықтаймын!–деді Әбілхайыр Ғалымұлы. Ал, көпшілікке лебізін жолдаған ақын Аманжол Әлтаев «Алла қаласа санаулы уақыттардан кейін «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысын тамашалаймыз. Бұл айтыс сегізінші мәрте көне Тараздың төрінде ұйымдастырылып жатыр. Осындай орталық айтыскер ақындарға ауадай қажет. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді.

Жиынға қатысқандар рухани әңгімелерден мол әсер алып, іс-шара ақындар айтысымен жалғасатындығы хабарланды.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support