Медицина саласына қолдау бар
Барлық сала күннен күнге заман ағымына сай дамып келеді. Соның ішінде денсаулық сақтау саласында тиісті көңіл бөлініп келеді. Түрлі заманауи медициналық құрылғылар адамдардың өмірін жеңілдетіп, олардың денсаулығын қадағалап, дер кезінде тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда жергілікті материалдық техникалық базаны нығайтуға бюджет есебінен 9,1 миллард теңге бөлінген. Өңірдің денсаулық сақтау нысандарына 2020 жылдан бастап 1668 дана медициналық құрал-жабдықтар және денсаулыққа қажетті бұйымдар алынған. Биыл 3,4 миллиард теңгеге 325 дана медициналық құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген.
Былтыр да, емдомның алдын-алу мекемелеріне науқасқа тиімді, диагнозын дер кезінде анықтауға септігі тиетін медициналық құралдар алынды. Оның ішінде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу, Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандық орталық ауруханалар қажетті аппараттармен қамтылды.
Сондай-ақ, облыстық жедел жәрдем станциясы, облыстық көпбейінді аурухана, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, облыстық оңалту орталығы, «Аяла» облыстық балаларды оңалту орталығы, облыстық онкология және хирургия орталығы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық психикалық орталығы, облыстық паталогиялық анатомия орталығы және қалалық көпбейінді консультативті-диагностикалық орталық, №5 және №7 қалалық емханаға да мақсатты түрде түрлі емдеу құралдары жеткізілді.
– Өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша техникамен жабдықталу 83,10 пайызды құрап отыр. Былтырғы жылғы қорытынды бойынша 9 пайыз жоғарылағаны байқалады. Сонымен қатар, көрсетілген сомалар халықтың нақты қалыптасқан қажеттілігі мен сырқаттанудың өсуін ескеріп, халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсетуге арналған шығындарды толық жабуды көздейді. Ал, технологиялар кардиохирургия, нейрохирургия, балалық шақ және босандыру бағыттары бойынша жаңа бастамаларды енгізу мен дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сондықтан, біздің тұрғындарға облыстан тыс жерлерге барудың қажеті жоқ. Бұл шаралар халық қажеттілігін қанағаттандыруды арттыру және денсаулық сақтау саласында әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін қажет, – деді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Жансая Еруова.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді