Қордай ауданында мәдениет үйі ел игілігіне берілді
Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылында 180 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Ауыл қариялары ақ батасын беріп, ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиды.
Айта кетейік, мәдениет үйінің құрылысын «Нұр Тұрсын» ЖШС жүргізген. Жалпы сметалық құны 370 984,0 млн теңгені құраған заманауи ғимаратта ауыл балаларына арналған бес үйірме бөлмесі, кітапхана, кең концерт залы бар.
Алдағы уақытта мәдениет ошағында домбыра, би, вокал сынды үйірмелер ашылып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану көзделуде.
Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізу мақсатында 3,1 млрд.теңге қарастырылды. Осы жылы 8 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал, қалған 9 нысан келер жылға өтпелі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




