Жаңалықтар
Жамбыл облысында әкімдік 500 миллион теңгеге жуық қаржыны негізсіз жұмсамақ болған
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2024
- 894
Жамбыл облысында әкімдік 500 миллион теңгеге жуық қаржыны негізсіз жұмсамақ болған
Жамбыл облысы Қордай ауданында заңсыз мемлекеттік сатып алу салдарынан мемлекет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды Қордай аудандық прокуратурасы.
Қомақты қаражат облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысына жұмсалмақ болған.
“Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялаған. Алайда, заң талаптарына сәйкес конкурсты аудандық емес, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы өткізуі тиіс”, - дейді аудандық прокуратура.
Қордай ауданының прокуратурасы заң бұзушылықты анықтап, қадағалау актісі негізінде конкурсты бұзды. Нәтижесінде бюджет қаражаты желге ұшпай, тиісті мақсатқа жұмсалады, дейді ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




